Bugin

Ливия жағалауында 60-тан астам мигрант суға батып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ливия жағалауында кеме апатқа ұшырап, кем дегенде 61 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform  агенттігіне сілтеме жасап. 

Халықаралық көші-қон ұйымының Ливиядағы бөлімшесі бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазған.

"Ливия жағалауындағы қайғылы кеме апатынан кейін 61 мигрант, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты",- делінген хабарламада.

Суға батып кеткен кеме жолаушыларының көбі Нигерия, Гамбия және Африка елдерінің азаматтары болған. Халықаралық көші-қон ұйымының өкілдері аман қалғандарға медициналық көмек көрсетіп, 25 адам Триполи маңындағы сауықтыру орталығына жіберілді.