Bugin

"Кісіні қасақана өлтіру дерегі анықталды": 17 жыл құлдықта болған қыздарға қатысты тың деректер шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Руслан Өтепбайдыңдың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды. massaget.kz

 

“Көреміз” бағдарламасында 17 жыл еңбек құлдығында болған қыздардың оқиғасы жарияланған еді. Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ауылдан шалғай аймақта мал бағып жүрген жерінен құтқарылды. Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде қыздардың қазіргі жағдайы қалай екенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Журналист instagram парақшасында жан тебірентерлік жазба жариялады.

"Қыздарды құлдықтың қамытынан босатып, оларға жаңа өмір сыйлай алсақ, бақыттымыз… Ата-анадан айырылып, інілерінен көз жазған қыздар ерте жастан әркімнің босағасын паналады. Денсаулықтарында кінәрат болған соң, оларға жылы қабақ танытқан жан табылмаған… Содан болса керек, мектепті тәмамдап үлгерместен, қыздар заманнан ажырап қалғандай,-деді.

Тергеу барысы туралы:

“Олардың жантүршігерлік оқиғасын зерттеу барысында бірнеше  фактілер анықталды. Ал қорлық, кісіні қасақана өлтіру сынды күдікке толы жағдайларды тергеушілер анықтап жатыр. Сондықтан мұндай деректерді біздің редакциясының назарынан тыс қалды деуге болмайды”,-деп жаңа деректердің бар екенін айтты.

Қазіргі кезде қыздардың дағдайы, қандай көмектер көрсетілгені туралы:

“ Құрметті оқырман, Құндыз бен Назгүлдің жағдайын сұрап, күн сайын сауалдар жолдайсыздар. Жұмыстың қамымен әр процестті түсіріп, жүктеу мүмкін емес. Дегенмен біздің командамыз, сарапшыларымыз аз уақыт ішінде талай шаруа атқарды. Қыздар медициналық, психологиялық, физиологиялық ем қабылдап жүр. Ал жақында әнші Айгүл Иманбаева Англиядан осындай видеосәлемдеме жолдап, апалы-сіңліні бір қуантып қойды. Қыздардың басынан өткен қиындығы елестей сағымға айналып, бақыттары баянды болғай", - деп жазды журналист.