Bugin
Астанада КАМАЗ жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, оқиға 29 желтоқсанда болған. "КАМАЗ" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Ақан сері көшесімен келе жатып, солға бұрылғанда жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға салдарынан әйел қаза болды.
"Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілерге жолда қырағы әрі барынша мұқият болуға, ал жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтуге кеңес береміз"-делінген хабарламада.