Bugin
Фото: darakchi.uz
Өзбекстанның Ішкі істер басқармасына азамат "Альфонс. Бақыт аңшысы" телехикаясының басты кейіпкерлерінің бірі Лобардың рөлін сомдаған жас актрисаның үстінен шағымданды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі актрисаның өзі әлеуметтік желіде жарияланған видео үндеуіне сілтеме жасап хабарлайды.
Анықталғандай, сериалды көрген көрермендердің бірінің жүйкесі жұқарып, қан қысымы көтерілген. Сол үшін актрисаның үстінен ІІБ-ге шағым түсірген.
"Мені РОВД-ға шақырды, олар сериалдағы рөлім үшін үстімнен шағым түсірген. Шағымның күлкілілігін қараңыз: менің рөлімді көргеннен кейін қан қысымы көтерілген азамат емделу үшін дәрі-дәрмек әкелуімді талап етті", - дейді актриса.