ДАМУ
Фото: A1st App бизнес платформасы
Бизнесті дамыту үшін нетворкингтің маңыздылығы туралы айтайық. Іскерлік байланыстар мен таныстықтар - үлкен жетістікке жету негіздерінің бірі.
Нетворкинг (желілік) дегеніміз не және ол іскерлік байланыстар шеңберін кеңейтуге қалай көмектеседі?
Нетворкинг дегеніміз – әртүрлі саладағы бизнес өкілдермен тәжірибе, идея алмасу және байланыс жасау. Осыдан бастайық. Бұл сіздің табысқа жету жолыңызда көмектесетін, шабыттандыратын және қолдайтын пікірлес адамдар тобын құру.
Неліктен бұл соншалық маңызды?
Бизнесіңізді нетворкинг арқылы дамыту сізге мынадай артықшылықтар береді:
1. Тәжірибе және білім алмасу.
Кездесулер, семинарлар, конференциялар және нетворкинг іс-шаралары - бұл жаңа нәрсені үйренуге, қызық әрі табысты оқиғаларды тыңдауға және салаңыздағы соңғы трендтермен танысуға деген мүмкіндік. Бұл - сіз енді ғана бастаған жолды сізден бұрын жүріп өткендерден құнды сабақ алатын орын.
2. Танысу және серіктестік.
Сіз неғұрлым көп адамды білсеңіз, соғұрлым сіздің бизнесіңіздің өсуіне мүмкіндіктер көп болады. Сіздің жаңа таныстарыңыз маңызды серіктестіктерге, жаңа клиенттерге немесе тіпті жобаңызға инвестиция салғысы келетін инвесторларға әкелуі мүмкін.
3. Қолдау және бірлесіп даму.
Нетворкинг тек байланыс нөмірлерін алу ғана емес, сондай-ақ ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату. Сіздің жаңа таныстарыңыз қиын сәттерде сізді қолдайтын және кәсіби маман ретінде өсуге көмектесетін кеңесшілеріңіз, көмекшілеріңіз, тіпті, достарыңыз бола алады.
Жаңа іскерлік байланыстарды қалай табуға болады?
Іс-шаралар: бұл салалық семинарлар, конференциялар, форумдар және жаңа адамдармен кездесуге болатын басқа іскерлік іс-шаралар болуы мүмкін.
Онлайн платформалар: әлеуметтік желілер, мамандандырылған бизнес-платформалар, форумдар сіздің іскерлік байланыстарыңызды кеңейтетін тамаша орындар. Іс-шараларға белсенді қатысу, тәжірибе алмасу және пікірлес адамдарды табу үшін маңызды.
Қазақстандағы осындай мамандандырылған бизнес-платформалардың бірі - A1st App платформасы.
Ол пайдаланушыларының бизнесін дамытуға бейімделген.
A1st App платформасындағы желі арқылы табысқа жету мысалдары
A1st App платформасында нетворкингтің арқасында тез дамып кеткен компаниялардың сәтті мысалдарын қарастырайық.
Шағын стартап ретінде басталған «А» компаниясы A1st App платформасының мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдаланды. Соның арқасында олар өз жобалары үшін басты серіктестерді тапты. Бұл олардың сату көлемін еселеп, республикалық деңгейге шығу туралы арманын жүзеге асырудың бастапқы қадамы болды.
HR саласында жұмыс істейтін тағы бір «В» компаниясы жаңа серіктестік орнатты. Сондай-ақ оның өсуіне керемет серпін алды.
Достар, сіз жай ғана A1st App бизнес платформасының веб-сайтына тіркелу арқылы нетворкинг құру мен бизнестің өсуін жылдамдату үшін алғашқы қадамдарыңызды жасай аласыздар.
Платформада ұсынылған ыңғайлы интерфейс және шексіз мүмкіндіктер әрбір кәсіпкер мен менеджерді қуантары анық.
Біз сіздің барлық сұрағыңызға қуана-қуана жауап береміз!
Біздің веб-сайт https://a1st.app/
Құрметпен,
A1st App бизнес платформасының командасы