Bugin
Арстанбек Әбділдаев (Арстан Алай) өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы 24.kg-ге сілтеме жасап.
Ведомство 2024 жылдың 5 қаңтарында шамамен сағат 05.15-те Қылмыстық атқару қызметінің No31 арнайы емдеу-түзеу мекемесінің асханасында айыпталушы Арстанбек Бейшенәліұлы Әбділдаевтың мәйіті асылған күйде табылғанын айтты.
"2023 жылы 29 желтоқсанда ІІО-ның №31 колониясына келгеннен кейін Арстанбек Әбділдаев жүректің мезгіл-мезгіл ауыруы, бас ауруы, шуыл, асқазанның ауыруы (тамақ ішкеннен кейін), жиі шаршағыштық шағымдарымен дәрігерлерге жүгінді. Тексеру нәтижелері бойынша алдын ала диагноз қойылды: жеке тұлғаның анықталмаған психотикалық бұзылуы, жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), аса қауіпті гипертензия және кардиологтың, гастроэнтерологтың және дәрігердің кеңес беру қажеттілігі туралы шешім қабылданды. 5 қаңтарда сағат 4.52 шамасында Арстанбек Әбділдаев колонияның асханасына кірген. Ал, 5.15-те асылған күйінде табылды", - делінген хабарламада.