Bugin

Qazaq Air әуекомпаниясы қайтадан сатылымға шығарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: .flyqazaq.com

"Qazaq Air" әуекомпаниясы қайтадан сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Самұрық - Қазынаға" сілтеме жасап.

"Самұрық-Қазына" АҚ жаңа ашық екі кезеңдік конкурс шеңберінде "QAZAQ AIR" АҚ акцияларының 49% - дан 100% - на дейін сату бойынша конкурс өткізудің басталғаны туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.


"Самұрық-Қазына" АҚ нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жаңа конкурс өткізіліліп жатыр.

"Бұған дейін, 2023 жылғы 13 қарашада "QAZAQ AIR" АҚ беру бойынша алғашқы ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылды", - деп хабарлайды.