Bugin
Блогерлердің көбі кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Әлеуметтік желідегі тікелей эфирлерінде ұтыс ойнатады. Қайырымдылық қорына ақша жинап жатады.
Біржановтың айтуынша, ондай қаражатты тек блогерлер ғана жинамайды. Жеке азаматтар да көпшіліктен қаражат жинауы мүмкін.
"Егер қаражат бір баланың еміне арналатын болса және 100 аударымнан асса, ендігі жылы мәлімет келеді. Сол кезде біз азаматқа арнайы хабарлама жібереміз. Азамат немесе блогер өзіне аударылған аударымдардың мақсатын түсіндіріп беруге тиіс. Жіберілген ақшаның реквизитін, кәсіпкерлік мақсатта емес екенін дәлелдесе, тұлғаға сұрақ туындамайды. Кім ақша жинайды сол адам өзінің не үшін жинап жатқанын нақты білуге тиіс. Егер кәсіпкерлік немесе жарнама болса, оның міндеттемелері пайда болады, ал қайырымдылық жағдайы, туыстарына аударым жасаса, ешқандай сұрақ болмайды", - деп түсіндірді Біржанов.