Bugin
Фото: видеодан скриншот
Дулат Исабеков жазушы Мұхтар Әуезов пен ғалым Қаныш Сәтбаев қалай қайтыс болғаны туралы айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Адал адам" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
"1949 жылы Семейде полигон ашылатын болды. Соны естіген соң, Сәтбаев пен Әуезов кездескен. "Екеумізден өзге бас көтерер адам жоқ. Енді Семейден полигон ашылса не болады?" деп Мәскеуге барған. Сталин қабылдамаған. Берияға барайық дегенмен, ол қабылдамаған. Курчатов ғана қабылдаған. Ол да ғалым ғой, "отпен ойнап жүрсіздер, ол екеуі сіздерді еш уақытта ұмытпайды" деген. Курчатов өзінің ол тірлікке араласа алмайтынын сыпайы жеткізген. Барлығын Берия шешеді деген. Курчатов жер үстіндегі жарылысты азайтуға көмектескен. Сөйтіп екі алыпты елге қайтарған. Араға аз уақыт салып екі тұлғамыз да ауруханаға түсті. Екеуін де сол кезде өлтіріп жіберді", - деп құпияның бетін ашты.