Саясат

Мейірімділік: Словакияда циркте жануарларды қолдануға тыйым салынды

Қоғам бұл шешімді оң қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Словакияда жануарлардың циркте өнер көрсетуіне тыйым салынды. Ендігі таңда ит,мысық және үй күзендерінен басқа жануарларды циркке қабылдауға және қолдануға болмайды. Аталмыш шешім 1 қыркүйектен бастап өз күшіне енбек. Бұл шешімді Словакияның ауыл шаруашылық және ауылды дамыту министрлігі шығарды. 
"Біз бұл шешімді аталмыш жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген ветеринарлық қорғау заңына сүйене отырып шығардық. Заң бойынша жануарлар тірі ағза ретінде түрлі сезімдерді сезіне алатындығы айтылған. Бұл тыйымдар ит, мысық және үй күзеніне қатысты емес. Оларды циркте қолдануға болады. Дей тұра бұл жануарлар  өнер көрсеткенде отты немесе өзге де қауіпті трюктерді қолдануға тыйым салынады. Егер жануарларда шаршау, күйзеліс белгісі пайда болса, онда оларды бостандыққа жіберу керек", – делінген арнайы шешімде.