Bugin
Фото: depositphotos.com
Енді Астана-Рим, Астана-Милан тікелей рейстер ашылады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Satzhangram телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы Италияға ресми сапары барысында Neos Airlines компаниясының президенті Лупо Раттацциді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев елдер арасында тікелей әуе қатынасының болуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмді дамытуға серпін беретінін атап өтті. Алматы-Милан рейсі Қазақстан Республикасында жоғары сұранысқа ие, іске қосылғаннан бері 70 мыңға жуық жолаушы тасымалданды.
Лупо Раттацци аймақтағы ұшулар географиясын кеңейту жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, Алматы-Милан бағыты бойынша рейстер санын көбейтпекші. Астана мен Рим, Астана мен Милан арасында әуе рейстерін ашу жоспарланып жатқанын айтты.