Bugin
Фото: видеодан скриншот
Қазақ әскеріндегі мәселелер туралы Парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Уәде" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол қазір әскери салаға қатты көңіл бөліну керек екенін айтты:
"Олардың жалақыларын өсіру керек. Бір сержант 120 мың теңге жалақы алады. Ол таксист болса, немесе сварщик, Ульбинский комбинатқа барып жұмыс істесе 500-600 мың теңге алады. Ұлттық гвардияның балалары көздері мөлдіреп жүреді. Олардың жалақысы өте төмен. Олардың үйлері жоқ. Арендаға көп ақшасы кетеді. Бірігіп 3-4 жігіт 1 бөлмеде тұрады. Олар қалай отбасы құрады? Олар қалай бала туады? Олардың жалақыларын көтеру керек",-деді.
Ол әскери қызметкерлер зейнеткерлікке ерте шыққанымен, алар ақысының мардымсыз екенін айтты.
"Әскерилердің пенсиясын көбейту керек. Жастар "бұрын полковник болған, қазір бейшара болып жүр" дейтін шығар зейнеткерлерге қарап. Соған қарап, әскерге бармаймын деп шешеді. Әскерилердің киімі, тамағы, қару-жарағына, үйлеріне ақша керек. Олардың казармасы, заставасын жақсарту керек. Біреулері бұрынғы балабақшада, бұрынғы ат қора деуге болатын жерде тұрады. Біз комитетімізбен Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облысына бардық. Сол заставаларды көрдік. Енді жаның ашиды",-деді.