Bugin

Сериал көрген 2 жасөспірім 12 жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Солтүстік Корея соты Оңтүстік Корея телехикаяларын көрді деп айыпталған 16 жастағы екі жасөспірімді 12 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Видео 2022 жылы түсірілген деп болжануда. Онда стадионға жиналған жүздеген мектеп оқушыларының алдында екі жасөспірімнің қолдары кісенделгенін көруге болады. Әскери киім киген ер адамдар жасөспірімдерге «қателіктерін жете түсінбегендері үшін» деп ұрсады.

Би-би-си агенттігінің хабарлауынша, мұндай бейнероликтер елден сирек шығады. Өйткені КХДР жабық ел, ал ішкі өмірді көрсететін фото, бейне және басқа да айғақтарды экспорттауға тыйым салынады. BBC бұл бейнені солтүстік кореялық босқындармен жұмыс істейтін Оңтүстік-Солтүстік даму зерттеу институтынан (SAND) алды.

SAND мәліметінше, көрсетілген ашық сот процесі "шетелдік бейнелерді көрудің салдарын" көрсетуге арналған. Бейнежазбада үгіт-насихатшының :

"Шіріген [Оңтүстік Кореяның] қуыршақ режимінің мәдениеті тіпті жасөспірімдер арасында да тарады. «Олар небәрі 16 жаста, бірақ болашақтарын құртып үлгерді",- деген даусы естіледі.

Содан кейін сарбаздар тұтқындардың аты-жөні мен мекен-жайын оқыды.

Бұрын мұндай заңбұзушылыққа жол берген жасөспірімдер түрмеге қамалмай, "қайта тәрбиелеу" үшін 5 жылға еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберілетіні атап өтілген.

Дегенмен, 2020 жылы заңдар қатаңдатылды.  Жасөспірімдер мен жастар Оңтүстік Кореяның сериалдары мен басқа да ойын-сауық шоуларын көргені үшін түрмеге жабылуы мүмкін, ал ересектер өлім жазасына кесілуі мүмкін.