Bugin

Тимур Құлыбаевтың компаниясына ірі көлемде айыппұл салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: olympic.kz

Атырау облысында Тимур Құлыбаевтың компаниясына айыппұл салынды,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы  облыстық прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Joint Technologies ЖШС-нен "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС үлесінің 50 пайызын сатып алу-сату шарты бойынша талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 миллиард теңге мөлшерінде айыпппұл төлейді.

"Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС сот қаулысы бойынша, ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 миллиард теңгеге 50 пайыз үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын", - делінген хабарламада.