Bugin

"Дабыл жүйесі істен шыққан": Антикор Дариға Назарбаеваның ұлын тексермек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде Алматыда жер сілкінгенде хабарлау жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне кінәлілер туралы жазба жарияланған еді. Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиевтің қатысы бар екені айтылған ақпарат та тарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі ақпаратқа байланысты жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Біз ол ақпараттан хабардармыз. Сондай-ақ әріптесіміз, қоғамдық кеңес мүшесі Дидар Смағұловтың әлеуметтік желідегі жазбасын оқыдық. Бұл факті бойынша "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің арызын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Алматы қаласы бойынша департаменті тіркеді. Материалдар өкілетті органға тексеру жүргізу үшін жолданды", - дейді Арман Тілеукенов.

Тексерудің қорытындысы халыққа хабарланады деп қосты.

"Сол тексерістің қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданып, БАҚ пен қоғамға хабарланады", - деді Антикордың ресми өкілі.