Bugin

Дубайдағы беделді бәйгеде қазақ сәйгүлігінің тағы аты шықты (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Танымал ат бәйгесінде қазақ сәйгүлігі тағы да бірінші келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз https://t.me/buginkz_kz/5197

Дубайдағы Мейдан ипподромында Al Maktoum Challenge ойынында бақ сынаған қазақстандық тұлпар алдына қара салмады.

Әрине, бұл Al Maktoum Challenge (1 топ) Presented by Longines – осы маусымның дебюттік бірінші топтық бәйгесі ретінде барша әлемнің назарында болғаны анық. 

Кабирхан 12 қаңтар күні бірінші кезеңде жеңіске жетіп, 15.5 млн теңге иеленген болатын. Ал бүгінгі жеңіс үшін 1 млн доллар (451 млн теңге) ұтысқа ие болды.

Енді 30 наурызда Dubai World Cup бәйгесі өтеді.