Bugin

Екібастұзда айы-күні жеткен жүкті келіншектің басынан тосын жағдай өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Павлодар облысы Екібастұз қаласында күйеуі толғатып жатқан әйелін өзі босандырып алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы kazinform сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 28 қаңтарға қараған түні болған. Жедел жәрдем қызметкерлері жеткенше күйеуі келіншегін өзі босандырған. Бұл уақытта дәрігерлер телефон арқылы күйеуіне ақыл-кеңес беріп тұрған. Әйел адам жүктіліктің 41-аптасында болған.

"103 пультіне жүкті әйелдің аяқ астынан толғағы басталғаны туралы хабарлама түсті. Біздің бригада жеделділіктің бірінші санаты бойынша шұғыл жіберілді. Олар көрсетілген мекенжайға 9 минутта жетті. Осы уақыт ішінде жедел жәрдем диспетчері келіншектің жұбайына босандырудың барлық тәсілдерін телефон арқылы түсіндіріп отырған. Ер адам оның нұсқауларын орындап, әйелін аман-есен босандырып алды. Қазір дүниеге келген ер бала мен оның анасының денсаулығы қалыпты. Олар перзентханаға жатқызылды" , - деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем қызметі стансасынан.

Облыстық жедел жәрдем стансасы басшысының орынбасары Ольга Вербоваяның айтуынша, босандыру шараларын 103 қызметінің кез келген қызметкері жүзеге асыра алады. Былтыр неонатология бойынша 100 қызметкер біліктілігін арттырған.