Bugin
Фотоколлаж: bugin.kz
Медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Досқалиев "Адал адам" бағдарламасында Назарбаев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Экс-министр журналистің "балаларды шетелге асырып жіберген Назарбаевты кім деп атаймыз?" деген сұрағына былай жауап берді:
"Сіз енді жіпке тізе бермеңіз. Бүкіл кінәні Назарбаевқа іле бермеңіз. Айналайын, тыңдаңыз, тыңдаңыз. Назарбаев деп тақауға болмайды. Назарбаев Президент болды. 30 жыл енді тағында отырды. Жақсы жағы да бар, жаман жағы да бар. Солай емес пе? Қазір енді "ақша ұрланды, сөйтті, бүйтті" дейді. Кезінде Назарбаевтың қасында ойнап-күліп жүрген адамдар, тіпті, мақтап, мадақтап жүрген адамдар, зиялы деп санап жүргенмін, қазір керісінше айтып жүр. "Анау еді, мынау еді" деп айтып отырғандарды зиялы деп санауға болмайды".
Сонымен қатар профессор "Назарбаевтан кек алайық" дейтіндерді қостамайтынын жеткізді.
"Бір-бірімізді таламайық. Басқа да проблема жетеді ғой бізде. Сол басқа проблеманы айтайық. Оны қазбалай беріп алып келіп, сол кездегі адам осы, енді соны соттау керек" дегенге келтіріп отырған дұрыс емес.
Назарбаевқа жағымпазданып отырған ештеңем жоқ. Бірақ адамның ары болуы керек. Ұстанымы болуы керек. адамның адами қасиеті болуы керек. Сондықтан мен адами қасиетті жақсы көремін. Назарбаевтан кек алайық дейтіндей, ол біздің әкемізді өлтірді ме, шешемізді өлтірді ме? Болмайды ғой", - деп атап өтті Досқалиев.
Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.