Bugin
Фото: «Тұлға» деректі фильмінен
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев шетелге кеткен сәбилер туралы тың ақпаратпен бөлісті. Экс-министр Adal Adam ютуб арнасында тастанды болған балалардың өзіне алғыс айту керегін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Мен балаларды асырап алған америкалықтардың үйінде болған адаммын. Нью-Йоркта, Вашингтонда біздің Қазақстаннан алған балалар. Олар мүгедек балаларды алған. Сал ауруы, аяқ сүйегі дұрыс бітпеген балаларды алып, операция жасатқан. Олар Америкадағы мықты ауруханаларда емдетіп, бала етіп асырап отырғанын көрдім, біріншіден. Екінші, ол балаларды асырап алғаннан кейін консулдық есепте тұрады. Ай сайын емес шығар, белгілі уақытта ақпарат беріп отырады, - дейді экс-министр.
Бельгиядан анасын іздеп келген Жәнібектің тағдырына қатысты да тың ақпараттар айтқан Жақсылық Досқалиев өз ісіне ұялмайтынын айтты.
Мен өзі ісімді заң шеберінде жасаймын, еш ұялмаймын. Жәнібектің көзіне тура қараймын. Келсін тура қараймын. Мен мысалы оның тағдырын білмеймін, қалай кеткен, қай жаққа, қалай болғанын. Бірақ Жәнебекке айтам: «Айналайын, Қазақстанға келіп, ананды іздеп жүргенің дұрыс. Бірақ сенің анаң осындай жасап кетті. Енді сен үлкен жігіт болдың ғой. Үйлі-күйлі боласың ғой. Мына анаңның жасағанын жасама» деймін. Билік неге мені өзі асырамады деп сұраса, маған сұрақ қоярдан бұрын ойламадың ба, елге қайтам, тегімнің қасында болам деп. Сен неге 18-ге келгенде Қазақстанның азаматтығын алмадың деген сұрақты қоямын», - деді Досқалиев.
Жақсылық Досқалиев шетелге "мүгедек" болып кеткен балаларды емдейтін мүмкіндіктің болмағанын айтады. Ақ халатты дәрігер, экс-министр "шетелге кеткен балалардың тағдырына туған ата-аналары кінәлі" деп есептейтінін де ашып айтты.