Bugin

Шетелге кеткен жетім балалардың обалы кімге?: Экс-министр тосын мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Екі рет ҚР Денсаулық сақтау минисрі болған Жақсылық Досқалиев “Адал адам” You Tube бағдарламасына сұхбат берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ол бұл жағдаятқа күйініп, былайша түсіндірді:

“Біріншіден, ол балаларды отбасынан алып кеткен жоқ. Олар ата-ана қамқорлығынан тыс қалып, балалар үйіне тапсырылған балалар. Баласын ондай жерге тастап кеткен адамдарды ата-ана деп санауға болмайды. Обалы – соларда. Бала дүниеге келді ме, асырау керек. Оны тәрбиелеу керек. Тіпті нысаналы (ерекше сырқаты бар) болса да бағуы керек. Ондайлар көп. Қазақстанда біраз семьяларда сондай бар. Еңіреп отырған ата-аналар бар. Бірақ ол далаға тастаған жоқ. Бағып отыр. Өзінің бауыр еті баласын тастап кеткен жан адам ба? Адамның бір қасиеті бар ма оларда? Жоқ деп ойлаймын. Шетелдіктер асырап алған балалардың обалы – тапқан, тастап кеткен адамда”,-деді Досқалиев.