Bugin
Фото: видеодан скриншот
Танымал айтыскер ақын, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Айтбай Жұмағұлов қайшылықты дерек айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Life 09 you tube жобасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Қазір қызмет болса, бәрі сені құрматтейді. Әлі қазақтың бойында осындай бір жалпылдайтын бейшаралық әлі бар. Мен де депутатпын ғой, бізді де қатты сыйлайды. Депутат кәсіпте жүрсе, оны тексермейді. Біздің қазақ жалпылдай береді. Сен қандай болсаң да, Астанаға барсаң, жолың, дастарханыңды дайындап қояды. Елдер сол үшін барады да. Сол үшін қызығады депутаттыққа. Бұның бейнеті мен аманаты бар”,-деді ақын.
Ол депутаттар халықтың мұң-зарын көрмейтініне, бәрін тек құжатқа сай жасайтынына күйінді.
“Мен ренжеймін. Неге депутаттар түкпір-түкпірдегі аулыдарға бармайды? Мен барғанда, адамдармен бірге жыладым. Адамдармен жеке қалғанда, мәселе айтса, жүрегің езіліп жылап, халықтың жайын сезінесің. Қайда баратыныңның бәрі жоспарланып, тамағыңды дайындап, саған қоятын сұрақты біліп тұрып бара салғысы келеді бәрі. Кеше мен “Алтын домбыраға” бардым. “Аманат” партиясы ұйымдастырғандықтан көптеген депутаттар келді. Мен айттым 46 адам Костенко шахтасында мерт болғанда, неге келмедіңдер дедім. “Бізде жібермейді, екі депутат барды, бәрі протоколмен ғой” деді. Айтыскер болсын, заңгер болсын барлық депутатқа қатысты бұл. Депутаттың біреуі келмеді. Сол шахтерлар, халық сайлады ғой оларды. Келсе, өз халқы ғой. 1 емес, 46 адам қайтыс болды. Астананың іргесіндегі Қарағандыға келе алмады ғой. 1 апта 10 күн жерледік. Менің туған ауылымнан 2 адам қайтыс болды”-деп депутат жылап қалды. Ол:
“Сен бірге күлмесең, бірге жыламасаң “менің халқым” деп қалай айтасың?”,-деді ашынып.