Bugin
Фото: Бейнеден алынған
Ақмола облысында бейтаныс ер адам жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеп.
Әлеуметтік желіде тараған бейне жазба бойынша оқиға 10 ақпан күні Щучье қаласында жедел жәрдем көлігіне жанармай құю кезінде болыпты. Бейнеден жүргізуші мен бейтаныс ер адамның қақтығысынан фельдшер оларды ажыратпақ болғанын көруге болады.
Ақмола облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.
Ақмола облысының полиция департаменті Щучье қаласындағы жанармай құю бекетінде жедел жәрдем жүргізушісінің денесін жарақаттаған ер адамды анықтады. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.