Bugin

Ауыр дертке шалдыққан Жүрсін Ерманның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан скриншот

Кеше ғана 73 жасын тойлаған Жүрсін Ерман “Таңшолпан” бағдарламасына жағдайы қалай екенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Жүрсін Ерман қазақ мүшел жасқа бекер мән бермегенін, оның маңызы бар екенін айтты:

“13 мүшелімде не болғанын білмеймін. 25 мүшелімде бір қойшының үйінде құтырған ит қапты. 37 мүшелімде қолым сынды. 49 мүшелімде шешемді алып кетті. 61 мүшелімде ауру айналдыра бастады. Бүйрек, жүрек, бауыр дегендей. Осыдан аман шығып кетсем, тағы біраз жүре тұрам ба деп ойлаймын”,-деді ол.

Ақын әр туған күнінде уайым басатынын айтты. Соңғы 2-3 жылда сырқаты меңдеген ақын қайта аяққа тұрғаны үшін қуанышты екенін жеткізді. Ақын қазір өз аяғымен жүр.