Bugin

Әйел үш баласын 9-қабаттан лақтырып, өзі де секіріп кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Ташкенттің Сіргелі ауданында әйел мен оның үш баласы тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі бұл оқиғаны растады. 

Ведомствоның мәліметінше, 1996 жылы туған әйел Д.А. "қасақана кісі өлтіру мақсатында" өз балаларын жатын бөлмесінің терезесіне әкеліп, бірінші ұлдарын, содан кейін қызымен бірге өзі терезеден секіріп, өзіне қол жұмсаған. 

Оқиға салдарынан олардың барлығы қаза тапты.