Bugin

"Қаза тапқандар бар": көпір оқыс жағдайда құлап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Гуанчжоу қаласында  кеме көпірге соғылып қалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көпірдің бір бөлігі опырылып, екі адам қаза тапты. Үшеуі із-түзсіз жоғалды.

Оқиға таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Контейнерлік кеме қаланың Нанша ауданындағы Лисинша көпірінің аралық тірегіне соғылған. Оқиғада бес көлік, оның ішінде электрлік мотоцикл зардап шекті. Алдын ала тергеу қорытындысы бойынша, 2 көлік суға, қалған көлік кемеге құлаған.

Оқиға салдарынан экипаж мүшелерінің бірі жеңіл жарақат алды. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр, оқиғаның себебі анықталуда.