Bugin
Фото:GETTY IMAGES
Ашық дереккөздерге сүйене отырып, ВВС Mediazona басылымымен (Ресейде шетел агенті деп танылған) және еріктілер тобымен бірге тың ақпарат жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Агенттік 2022 жылдың ақпан айынан бері Украинадағы соғыста қаза тапқан ресейлік 45 123 әскери қызметкердің есімін анықтады. Олардың кем дегенде 6614-і 2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың ақпанына дейін қайтыс болған.
30 жастағы Денис Кузнецов соғысқа Иркутск қаласынан жұмылдырылған. 2023 жылы 29 желтоқсанда ол снаряд жарақатын алды. Бірақ бір ай өтпей-ақ Авдеевка маңындағы майданға қайтадан жіберілді. 29 қаңтарда Денис дроннан түсірілген снарядтан жараланған. 31 қаңтарда әріптестері оны өлі күйінде тапқан.