Bugin
Фото: tengrinews.kz
Маңғыстауда 36 адам тамақтан уланып қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform-ға сілтеп.
Науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.
Бейнеу ауданында қоғамдық тамақтану орталығында 36 адам уланды. Зардап шеккендердің 28-і ауруханаға жеткізілген.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының айтуынша уланғандар аудан орталығындағы «Али-Ман» атты дәмханада тамақтанған көрінеді.
Қазір тамақтану орнының қызметі уақытша тоқтатылған.