Bugin
Фото: Коллаж El.kz
Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
ҚР ҰОК жоғары басқарушылық органдарының отырысына олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық спорттық федерациялардың 35 өкілі мен ҚР ҰОК спортшылар Комиссиясының екі өкілі қатысты.
Комитеттің әр сала бойынша өкілдері тағайындалды.
Ұлттық олимпиада комитетінің қысқы спорт түрлері бойынша вице-президенті – Мамин Асқар Ұзақбайұлы.
Ұлттық олимпиада комитетінің жалпы мәселелер бойынша вице-президенті – Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы.
Ұлттық олимпиада комитетінің параолимпиадалық спорт түрлері бойынша вице-президенті – Сәпиев Серік Жұманғалиұлы.
Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы – Өтешева Жанар Азырқанқызы.
Басқа да маңызды ақпараттарды мына сілтемеден оқи аласыз.