Bugin

“Босануға барып, табытпен қайтты”: жас ана жұмбақ жағдайда қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz. видеодан скриншот

Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылында жас ананың жұмбақ өлімі қоғамда резонанс тудырды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Босанғанына 3 күн болған Севара Абдуллаева бөпесімен бірге үйге шығуға дайын жүреді. Оның енесі Гаухар Әбілқасымова:

“Қалай мен, бұларды көріп күймеймін бе? Бір рет те киілмеген киімдері бар. Қалай шыдаймын, мұндай заңсыздыққа? Қалай шыдаймын, дәл осы төсекте жатты ғой”,-деп көз жасына ерік берді.

Ол соңғы рет келінінн көргенде, жағдайы жақсы болған. Жарты сағаттан соң, жан сақтау бөліміне түскенде есеңгіреп қалдым, деп күйінеді. Севараның босанғанға дейін де, кейін де денсаулығына қатысты ешқандай шағымы болмаған.

Әділдікке қол жеткізе алмай жүрмін деген енесі:

“Бәрі жақсы болды. Мен сенбеймін, оның өз ажалымен өлгеніне. Қалай сенемін? Ол “мама, менің мына жерім ауырады” деп айтқан жоқ. Бір рет ауырмаған қыз қалай өліп қалады? Ішім ауырды, температурам көтерілді десе, неге қарамайды дәрігерлер? Бір өзін қалай жалғыз бір палатаға жатқызады”,-деп айтты.