Bugin

“Әңгіме жабулы күйінде қалды”: бойжеткен 10 жыл бұрынғы жездесінің қылығын әшкереледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева өзіне көп қыздардың, келіншектердің жазатынын айтады. Олардың көбі кішкентай кезінде өз туыстарынан зорлық көргендер. Бойжеткен басынан өткен жағдайын заңгерге ашып айтқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Заңгер өзіне жазған хаттардың авторлары бойжеткен қыздар екенін жасырмады. Олардың жас кезінде көрген қорлықтары естен кетпейтінін айтады. 

Хаттардың бірінде бойжеткен 10 жыл бұрын болған жағдайды жазған. Ол жездесінің ерсі әрекетін жасырып келген.

"Қазір 17-демін. Он жыл бұрын болған оқиға әлі есімнен кетпейді. Әкем қырыққа толып, үйге қонақ шақырдық. Бәрі тарқап, анамның әпкесі мен күйеуі ғана қалды. Түнде оянып кетсем, қасымда біреу жатыр. Қолымен менің асты жағымды ұстап алған. Қорыққанымнан атып тұрып, маманың қасына барып, жыладым. Бірақ неге жылағанымды айта алмадым. Бір жарым жыл бұрын үйде ремонт болып, сол кісі келді. Түске қарай ішіп алып, тапшанда отырды. Мама екеуіміз даланы жинап жүрдік. Бір кезде ол сырттағы баняға кіріп кетті. Сөйтіп сол жақта ойнап жүрген төрт жасар сіңлімді жайлап дауыстап шақырып жатыр екен. Мен байқап қалдым. Сіңлім кіріп кетті. Бірден жүгіріп бардым. Ана кісі суды қатты ашып қойыпты. Дауысы естілмесін деген шығар. Айқайлап, сіңлімді қолынан тартып, әрең алып шықтым. Сіңлім шошып қалды. Мамам жүгіріп келді. Сөйтсек сіңліме: "Артқа еңкейіп тұр, магазинге апарамын" депті. Мамама он жыл бұрын болғанды да айтып бердім. Мама "Ертерек айтпадың ба?!" деп ұрысты",- деп жазған ол.