Bugin
Фото: pexels.com
Марокко мен Алжир шекарасында адасып кеткен туристерді шекарашылар атып тастаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Daily Beast мәліметінше, төрт турист Марокко жағажайында гидрацикл теуіп жүрген. Олар байқаусызда шекарадан асып кеткенде олардың екеуін Алжирдің жағалау күзеті атып тастаған. Тағы бір демалушы тұтқындалып, енді бірі аман-есен құтылған.
Бұл оқиғада екі ел азаматтығы (Марокко мен Франция) бар екі турист Билал Кисси мен Абделали Мешуэр көз жұмды. Олар Марокконың солтүстік-шығысындағы Саидия курортынан жаңылыс бағытта кеткенде оқ астында қалған. Төрт адам болып шыққан топтағы Франция азаматтығы бар тағы бір Марокко тумасы Смаил Снабені Алжирдің жағалау күзеті тұтқындаған. Тек төртінші адам Мохамед Кисси аман оралып, болған жайды баяндаған.
"Біз адасып кеттік, бірақ жүре беріп, Алжирге кіріп кетіппіз. Бірақ оны өзіміз де білмедік, бізге алжирлік қара қайық жақындады да бізді ата бастады", - дейді ол.
Киисдің сөзінше, шекарашылар оның ағасы мен досын атып тастаған, тағы бір досын тұтқынға алды. Ал осының бәрі "адасып кетіп, жанармай бітіп тоқтап тұрғандықтан ғана" дейді ол. Мохамедтің өзі қашып үлгерген, кейін оны мароколлық флот тауып алады.