Bugin
Фото: dalanews.kz
Қуандық Бишімбаевтың адвокаты марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты жаңа ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.
"Әйелін өлтірді" деген айыппен соты басталған экс-министр "кінәсіз" екенін айтуда.
Дегенмен "күйеуінің ұрып-соғуынан шаршаған" деген дерекпен Салтанат Нүкенова 2023 жылдың тамызында Павлодарға өз ата-анасының үйіне кетіп қалған көрінеді. Бірақ күйеуі Бишімбаев Салтанатты өзіне қайтып келуге көндірген екен.
Дәл осы жағдайдан кейін марқұм әйел экс-министр күйеуінен бірнеше рет кетіп қалуға тырысқан көрінеді.
Сотталып жатқан Бишімбаев 24 қараша күні Астанадағы мейрамханалардың бірінде шу шығарып, Салтанат Нүкенованы ұрып-соққан.
Қуандық Бишімбаевтың екінші адвокаты Талғат Балашов марқұмның денесіндегі жараларды Бишімбаевтың салмағанын айтады. Адвокаттың сөзінше, сараптама қорытындысына мидағы ісік қайғылы оқиғаға дейін 3-4 апта бұрын пайда болған. Ал Нүкенованың білегіндегі жаралар 3-5 күн бұрын пайда болған екен.
Сондай-ақ ол марқұм Салтанат Нүкенованың басындағы гематоманың пайда болуына сот-медициналық сарапшылар қарама-қарсы қорытынды жасап жатқанын да атап өтті.