Bugin

“Үйге әйелдерді неге алып келесің?”: Бишімбаев пен Нүкенованың соңғы хаттары жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Салтанат Нүкенованың телефонындағы суреттер мен жеке хаттары жайлы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдаудың екінші күні өтіп жатыр. Онда Бишімбаевтың адвокаты Салтанат Нүкенованың өзі күйеуін қатты қызғанғанын мәлімдеді.

Адвокаттың сөзінше, істі тергеу барысында Нүкенованың телефоны тексерілген. Дегенмен бастапқыда тек суреттері ғана тексеріліп, жеке хаттарына мән берілмеген.

Тергеушілер Салтанат Нүкенованың телефонынан 1701 сурет тапқан, оның ішінде 608 бейне болған. Бұл фотосуреттерді демалыс санатына жатқызып, қылмысқа қатысты ақпарат табылмаған.

"2023 жылы 25 желтоқсанда Салтанат Нүкенованың ватсабын тексеру мүмкіндігі болды. Тергеуші тек галереяны қарап, тергеумен шектелді. Дегенмен фотосуреттерден күш қолдану белгілері табылмады. Тергеуші тарап тексеру хаттамасында сақталған Нүкенова мен Бишімбаевтың хат жазысқан 2 скринін ғана көрсеткен. Бұл скриншот Бишімбаевта қызғаныш сезімі болды дегенді жоққа шығарады. Ол жерде керісінше, Нүкенованың Бишімбаевқа деген қызғанышын растайды. Онда Нүкенова Бишімбаевқа "үйге неліктен әйелдерді алып келесің?" деген хаттар болған. Одан жәбірленушінің одан кетіп қалып жүргенін көрсетеді, - дейді Бишімбаевтың адвокаты.

Бишімбаевтың адвокаты осыған байланысты хабарламалар жойылып кетпес үшін, қылмысты жан-жақты зерттеу үшін, хат-хабарламаларды жоюдың алдын алу үшін тез арада компьютерлік технологиялардағы мобильдік құрылғыларда криминалистикалық зерттеуді тағайындауды сұрады.