Bugin
Фото: Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі 13 наурызда өтетін шеруге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 13 наурызда Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Астана маңындағы белгіленген аудандарға жауынгерлік техникамен марш жасайды.
"Іс-шара гарнизон әскери бөлімшелері күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін кешенді тексерудің кезекті кезеңіне бағытталған. Аталған уақыт аралығында елорданың маңында, сондай-ақ Қарағанды трассасында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік құралдары қозғалысының уақытша шектеулері енгізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз", делінген хабарламада.
Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және тыныштықты сақтауды сұраймыз делінген.
"Сонымен қатар, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - делінген хабарламада.