Bugin

Қауіпті дертке шалдыққан ер адам 72 жыл бойы капсулада өмір сүрген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: SBSK

Ер адам қауіпті дертпен 72 жыл күрескен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы The Independent-ке сілтеп.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ол қайтыс болғанға дейін арнайы капсулада өмір сүрген.

АҚШ азаматы Пол Александр қайтыс болды. Ол алты жасында, 1952 жылы полиомиелитпен ауырған. Бала ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, емге жүгінген.

Ол мойынынан төмен қарай сал болып, жасанды тыныс алуға арналған темір капсулаға, яғни темір өкпе деп аталатын қаптамаға салынған. Дәрігерлер балаға одан шығуға болмайтынын айтқан.

Александр университетті де тәмамдап, үйленбек болған. Алайда анасының қарсылығымен ол бойдақ болып қалған. Ол тіпті көптеген адамды шабыттандырып, арнайы автобиографиясын да жазып шыққан. Мүмкіндігі шектеулі болса да ол жазуды, сөйлеуді, оқуды білген.

Алайда қауіпті дертпен ұзақ жылдар бойы өмір сүріп келген азамат 11 наурызда Александр қайтыс болды.