Bugin

"Анасы мен баласы болған". Ер адам көлік жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Бейнеден скрин

Қарағандыда көлік жүргізушісін жолашы пышақтап тастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бас қалада көлік тоқтатқандар жүргізшінің беті, мойны мен қолдарын тілген.

Көлікті тізгіндеген ер адам өз жұмыстарымен Астана қаласына кетіп бара жатқан. Оған тас жолдағы ауылдың бірінде екі адам кезіккен. Жаяу жүргіншілер көлікті тоқтатып, жүргізушіден Астанаға ала кетуін сұраған.

Дегенмен жол бойында әңгімесі жараспағандар жанжалдасып, 30 жастағы жаяу жүргінші жүргізушіге пышақпен шабуыл жасап, денесін кескілеп кеткен.

Ең сорақысы көлікті тоқтатып, Астанаға жетіп алмақ болғандар - анасы мен баласы екен. 

“Полиция қызметкерлері ізін суытпай, аудан тұрғынына пышақ салған күдіктіні ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр”, – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.