Bugin
Фото: Ашық дереккөзден
Самат Әбіш шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы Ермұрат Бәпи Facebook парақшасында жазды.
Назарбаевтың немере інісі шартты түрде 8 жылға сотталған.
Ал депутат бұған дейін Қазақстанда ешкімнің дәл мұндай мерзіммен шартты түрде сотталмағанын айтып, сот шешіміні әлдекімдердің әсер еткенін айтады.
“Бұған дейін Қазақстанда ешкім 8 жылға шартты түрде сотталмаған. Соған қарағанда, мүдделі біреулер "8 жыл" деген едәуір жазамен қоғамды алдарқатып, ал шындығында Самат Әбішті түрме жазасынан алып қалған. Қаңтар оқиғасына бірден-бір кінәлі күштік құрылымның жоғары дәрежелі лауазымгері осылайша тиісті жазадан құтылды. Әлбетте, бұл "комедияның" басты режиссері Нұрсұлтан Назарбаев екені тайға таңба басқандай аян жағдай”, - дейді ол.