Bugin

“Аяусыз ұрған”. Қонаевта қатыгездікпен өлтірілген қыздың денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: НеМолчи қоры

Қонаев қаласында 18 жастағы студентті бірнеше ер адам қатігездікпен өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "НеМолчи" қорына сілтеп.

Бұл туралы "Немолчи" қорының басшысы Динара Смайылова мәлімдеді.

Қатыгездікпен өлтірілген бойжеткен колледжде аспаз мамандығы бойынша білім алған. 

"Қыз олардың бірімен 7 наурызда танысқан. Бірақ, шамамен, 14 наурыздан 15-не қарағанда студентті қатігездікпен өлтіріп кеткен. Олар оның телефонын алып, несие рәсімдеген. Қаланың сыртына алып шығып, сойылмен ұрып-соғып, далаға тастап кеткен. Қыздың туыстарына мәйіттің 21 наурызда табылғанын айтыпты. Әпкесі болса оны мәйітханалардан өзі іздеген, себебі студенттің денесі қай жерде екенін ешкім айтпапты. Мәйітін тапқан кезде денесінде көгерген іздер барын, ал қолында жіптің ізі қалғанын көрген", – деп жазды қор басшысы. 

Динара Смайылова марқұмды өлтіргендерді Қонаев полициясы ұстағанын айтады.

Студент қыздың жақындары қылмыскер екі адамның ұсталғанын, алайда екі адамның бостандықта екенін айтып отыр.

Полиция 18 жастағы студенттің өлімін растаған. 

“Бұл ақпарат бірден тексеріліп, 2006 жылы туған қыздың өлімі расталды. Кісі өліміне қатысты Қонаев қалалық полиция басқармасы іс қозғады. Полиция қызметкерлері 2001 және 2003 жылы туған азаматтарды анықтап, қамауға алды”, – делінген хабарламада.