Bugin

"Із-түзсіз жоғалған": Алматы облысында 3 жасар қыз 10 күннен бері табылмай жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Алматы облысына қарасты Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр,  деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, іздеу жұмыстары әлі нәтиже бермеген.Бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткен. 

Алматы облыстық ІІД бастығы Бауыржан Әленов:

"СОБР инспекторлары, кинологтар, ОМПС қызметкерлері мен жедел бөлімшеден арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", -деп айтты.

Полицияға Куш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурызда сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын жеткізген. Бұл дерек бірден аудандық ішкі істер бөліміне тіркелген. Арнайы іздестіру тобы құрылып, үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.