Bugin

Қазақстан ажырасу бойынша екінші орында тұрғаны жалған боп шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Ажырасу бойынша Қазақстанның әлемде екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ажырасу коэффициенті 4.6 тең Қазақстан Мальдив аралдарынан кейін екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жалған деректің негізгі көзі worldpopulationreview.com сайтындағы мақала болған.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,27 құрады. 2020, 2021 жылдармен салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады – тиісінше 2,56 және 2,54. 2023 жылдың қорытынды деректері алдағы сәуір айында жарияланады.

Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдады. Сондай-ақ Бюро ресми дереккөздерге сілтеме жасауды және таратылатын деректерді алдын ала тексеріп отыруды ескертеді.