Bugin

"Қысқы бас киімін киген". Атырауда блогер сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ortcom.kz

Атырауда 26 жастағы блогерге қатысты сот болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақ жайық басылымына сілтеп.

Блогер прокурордың бас киімін заңсыз кигені үшін жазаланды.

“Сот анықтағандай, азамат Ж.-ның 2024 жылғы 21 ақпанда Атырау қаласының №2 сот ғимаратында прокурордың арнайы қысқы бас киімін, яғни айырым белгілері мен рәміздері бар нысанды киімін заңсыз киіп келген. Ж.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, фотосуреттермен толық расталған”, – делінген материалда.

Блогер сот шешімімен кінәлі деп танылып, 18 460 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл арқалады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.