Bugin
Фото: ТЖМ
Кеше, 31 наурыз күні БҚО-ға барған құтқарушы пышақ жарақатын алған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болды. Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.