Bugin

"12 адам қайтыс болған": ұшақ апатына қатысты тергеу 5 жылдан соң аяқталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қазақстан Бас прокуратурасы 

 Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу аяқталды. Бүл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Қылмыстық істі тергеу барысында 2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу және 150 сот-медициналық сараптама мен арнайы зерттеулер жүргізілді.

2019 жылы 27 желтоқсанда "Bek Air" әуекомпаниясына тиеслі жолаушылар ұшағы Алматыдан ұшып шыққаннан кейін бірден құлап, 12 адам қаза болған еді.

Бас көлік прокуратурасы мәлімдемесінде:

"Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және тағы басқа шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды", - деді.