Bugin

“Жиендері наразы”: дәулетті әйел байлығының бәрін күтушіге бере салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Дәулетті әйел 5 миллион долларлық байлығын туыстарына емес, күтушісіне мұра етіп қалдырған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Италиялық Мария Малфаттидің байлығы шамамен 5 миллион долларға бағаланады. Бұл шамамен 2 миллиард 232 миллион теңгені құрайды. Әйел отбасын құрмағандықтан және өз байлығын қалдыратын балалары болмағандықтан, оның жиендері мұраны алуы тиіс еді. Бірақ Мария соңғы бірнеше жыл қамқор болған албаниялық келіншекті мұрагер еткен. 80 жасында дүние салған әжелерін жоқтауға келген жақындары бұл жаңалыққа сене алмаған.

Осыдан кейін Малфаттидің туыстары қамқоршыны сотқа берді. Айтуларынша, Мария қартайған шағында есін жоғалтқан және күтуші соны пайдаланып, байлығын иеленген.