Bugin
Фото: Видео скрині
Шахтинск қаласында көпқабатты үйлердің бірінде 44 жастағы әйел тоғызыншы қабатта орналасқан балконнан құлап кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Болған жайттың 8 сәуірде тіркелгенін Қарағанды облысы полиция департаменті растайды. Алайда департамент әйел секіріп кетті деп жазады.
"Алған жарақаттарының салдарынан ол көз жұмды. Бұл факт полицияда тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.