Bugin
Фото: ТЖМ
Құлсарыда әкелі-балалы азаматтар бірнеше күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жоғалғандар туралы Атырау облысы ТЖД мәлімдеді.
48 жастағы ер адам мен оның 24 жастағы ұлы Құлсарыдағы су басқан үйді тексеруге шығып, қайтып оралмаған. Ал хабарлама 6 сәуірде сағат 17:52-де Атырау облысы ТЖД-ға келіп түскен.
"Хабарлама түскен бойда құтқарушылар аталған мекен-жайға барды. Келген кезде үйдің есігі көбікпен жабылғаны анықталды. 6 сәуірде сағат 20:57-де құтқарушылар жүзу құралдарының көмегімен тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.