Bugin

Кәмелетке толмағандарға азғындық жасады деген күдікпен Қорғаныс министрлігінің подполковнигі ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

13 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астанада Қарулы Күштердің подполковнигінің ұсталғаны туралы хабарлады. Ол кәмелетке толмағандарға зорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев подполковникке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігі "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігінде ата-анасының немесе басқа да қамқоршысының кәмелетке толмаған адамға қатысты дәл сол әрекеті (кәмелетке толмағандарды азғындық жолға түсіру) жасауы көзделген.