Bugin
Фото: Instagram @nazymkakharman
Бұрынғы экс-министр Қуандық Бишімбаев сотта өзінің бұрынғы әйелі Назым Қаһарман рұқсатсыз көлігін иемденгенін айтты. Ал Бишімбаевтің экс-әйелі бұл ақпарат туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Назым Қаһарман қайғылы оқиға болғаннан кейін балалары мен әпкесімен Бишімбаевтер отбасына көңіл айтып барғанын жазды. Және балаларын тасуға көлік те сұраған. Бірақ Бишімбаевтің әкесі Уәлихан Бишімбаев "дүниеқоңыз" деп экс-келінінің қолынан 2 рет ұрған.
Ал Назым Қаһарман көлікті балалары үшін сұраған. Себебі кісі өлімі болғандықтан балаларына такси жүргізушілері мен сыныптастары тарапынан қысым болады деп ойлаған.