Bugin

Интернаттағы соққы: 8 сынып оқушысының өліміне кім кінәлі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: КТК 

Ақтөбеде спорт мектебінің сегізінші сынып оқушысын өзінен бір-екі жас үлкен ұлдар ұрып өлтірген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Көз жұмған Бексұлтан Әбубәкір — еркін күрестен спорт шебері. Ол егізінің сыңарымен мектеп-интернаттың сегізінші сыныбында оқыған. 

Баланың кісі қолынан қаза тапқанын куәгерлер де, сараптама да растаған. Қазір күдікке ілінген балалар қамауда отыр. Алайда ата-ана бәрінің жазаланғанын қалайды.

"Мына балалар жазасын алса екен. Жалғыз балалар емес, осы жердегі төменгілерден бастап, жоғарғысына дейін жазаланса екен. Неге бұның үстінен іс қозғамайды? Неге қаралмайды? Неге тәртіп жоқ? Тәртіп жоқ жерде білім бола ма?” – дейді марқұм Бексұлтанның анасы Зоя Базарбаева. 

Қайғылы оқиғаның қалай болғанын оның сыңары айтыпты. Қыршын кеткен оқушының қатты соққыдан қайтқанын сараптама да растады. Бұл туралы тілшілерге әкесі айтты.

"Ұрған. Бір-бір жұдырықпен ұрған, төсінен. Шапалақтаған. Менің балам Бексұлтан шетте тұрған. Есіктің қасында тұрғанда шапалақпен бетінен ұрған кезде, шапалақтан еңкеймей ме, сол кезде Мирлан деген бала, оныншы сыныптағы бала тізесімен не қылған. Тізе тигеннен кейін, бала былай, есікке қарай құлағандағ дәліздегі бейнекамераға түсіп қалған”, – дейді Бексұлтанның әкесі Қайрат Қалназарова.