Bugin

"Бір көзі қызарып тұр": Байжанов қоңырау шалған дәрігер сотта куәлік етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Бүгін, 18 сәуірде Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі сотта "Ана мен бала" орталығының неонатологы Ерсұлтан Сәрсенбаевтан жауап алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ерсұлтан Сәрсенбаев Салтанат Нүкенова өлтірілген күні Бақытжан Байжанов қоңырау шалған неантолог:

"Байжанов маған: "Жеңгем ұйықтап жатыр, оянбайды",-деп айтты. Таңға дейін ағам екеуі ішімдік ішті дегенді қосты. Мен оған нарколог емес, тек неантолог екенімді айттым. Дегенмен көп ішімдік те адам организмі үшін қауіпті екенін  айтып, жедел жәрдем шақыруын ұсындым. Біраз уақыт өткен соң, мен қайтадан хабарласып: "Адам оянды ма, жедел жәрдем шақырдыңдар ма?" - деп сұрадым.  Ол маған: "Әлі ұйықтап жатыр",- деді. Мен сол кезде: "Ұрған, соққан іздер жоқ па?"  - деп сұрадым. Ол маған: "Бір көзі қызарып тұр", - деп айтты. Байжанов маған: "Келіп, жеңгемді қарап бере аласың ба?" - деді. Мен: "Жоқ, бара алмаймын", - дедім. Басқа ештеңені анықтап сұраған жоқпын", - деді Ерсұлтан Сарсенбаев.